<p>Жұмыста жоғары стандарттарды пайдаланып және тартылған адамдар мен қоғамдастықтардың өмірін жақсыға өзгерте отырып, озық тау-кен компаниясын құру және оны табысты пайдалану.</p>

Миссия:

Жұмыста жоғары стандарттарды пайдаланып және тартылған адамдар мен қоғамдастықтардың өмірін жақсыға өзгерте отырып, озық тау-кен компаниясын құру және оны табысты пайдалану.

Құндылықтар:

  • Адамдар

    Біздің команда тау-кен өнеркәсібінде тәжірибесі мен білімі сан алуан кәсіпқойлардан тұрады. Біздің командада командалық жұмысқа, әріптестерге құрметпен қарауға, сенімге, адалдық пен ашықтыққа, бір-бірін тыңдай, ести және қолдай білуге басымдық берілген.

  • Қауіпсіздік

    Біз жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге көп көңіл бөлеміз, еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету үшін тиімді жүйелерді құруға ұмтыламыз. Біз қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне барынша жауапкершілікпен қараймыз.

  • Үздіксіз даму және жетілу

    Біз өз командамыздың, процестер мен компания стандарттарының тұрақты дамуын бағалаймыз. Біз өз әлеуетімізді дамыту және толық ашу ниетінде бір-бірімізді қолдаймыз. Біз қателер мен проблемаларды қарастыра отырып, оларды жою жолдарын тауып, сәл де болсын жақсаруға үздіксіз түрде мүмкіндіктерді іздестірудеміз.

  • Әдептілік, ашықтық, жауапкершілік

    Біз жоғары мәдениетті Бизнес жүргізу курсын көздейміз, бір-бірімізбен өзара қарым-қатынаста адал және ашықпыз. Біз нәтижеге қол жеткізуге бағытталған шешімдеріміз бен іс-әрекеттеріміз үшін толығымен жауаптымыз.