Компания туралы

ARX MINERALS – Катодты мыс шығара отырып, Берқара кен орнының құрамында мыс бар кендерін өндіру және қайта өңдеу бойынша «Беркаринский» тау-кен металлургия кешенінің жобасын іске асыратын тау-кен компаниясы.
Жобаның орналасқан жері - «Беркаринский» ТМК Шығыс Қазақстанда, Қарағанды қаласынан шығысқа қарай 350 км жерде орналасқан.
Кен орнының қорлары мемлекеттік теңгерімге қабылданды және 2012 жылғы 10 желтоқсандағы JORC 2019 Кодексіне сәйкес тәуелсіз есеппен расталған.

Жобада үймелік сілтісіздендіру учаскесімен экстракция және электролиз (SX-EW) технологиясы бойынша катодты мысты кейіннен қайта өңдеу және шығару арқылы кен орнының тотыққан және аралас кендерін өндіру көзделген.
Жобалық қуаты: жылына 600 000 тонна кен өндіру, жылына 5 000 тонна катодты мыс өндіру.
Кен орнын игеру мерзімі: қорлардың өсуі есебінен игеру мерзімін ұзарту әлеуетімен 8.5 жыл.
Жоба операторы: ARX Minerals ЖШС. Барлау және өндіру лицензиясы Arx Minerals ЖШС еншілес компаниясы Nouvelle Mining ЖШС-не берілді. Жоба Resource Capital Group ЖШС басқарушы компаниясының қатысуымен жүзеге асырылады

ЖОБАНЫ ІСКЕ ҚОСУ ӨНДІРІСТІК ПРОЦЕСТЕРДІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ІСКЕ ҚОСУ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ:

  1. Тау-кен күрделі жұмыстар – маусым – қыркүйек 2021 г.

  2. Құрамында мыс бар кенді өндірудің басталуы – 2021 жылғы қыркүйек

  3. Өндірілген кенді ұсақтау және оны қатарлап қалау процестерін іске қосу – 2022 жылдың I тоқсаны

  4. Катодты мыс шығаратын SX-EW зауытын іске қосу (II-III тоқсан 2022 ж.)

«Берқара» кен орны туралы мәліметтер

  • МЕКЕНЖАЙЫ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

    Кен орны Шығыс Қазақстан облысында, Қарағанды қаласынан шамамен 350 км жерде орналасқан.

    Ең жақын елді мекендер: Алғабас (Доголан) ауылы – шамамен учаскеден солтүстікке қарай 9,5 км, Қайнар ауылы – шығысқа қарай 40 км. Жұмыс ауданындағы елді мекендер көптеген қара жолдармен байланысқан, алаңнан солтүстікке қарай 5 км жерде Қарағанды – Аягөз автомобиль жолы өтеді. Қарағайлы кенті, жолдан 100 км жерде орналасқан. Қарағайлы кентінің маңында Қазақмыс корпорациясына тиесілі Абыз кеніші орналасқан. Ең жақын темір жол станциясы Қарағайлы кентінде орналасқан.

    Аудан халқының тығыздығы төмен, негізгі елді мекендер шағын ауылдармен ұсынылған. Жергілікті халық негізінен мал және егіншілікпен айналысады.

  • КЕН ОРНЫНЫҢ ҚОРЛАРЫ

    Кен орнындағы өнеркәсіптік қызығушылықтыүш учаске туғызады: Шығыс және Солтүстік учаскелер, «Зона Дальняя» келешегі бар учаскесі. Кен орны 1959-1960, 2003-2004 және 2016-2019 жылдар аралықтарында барланған.

    Іздеу мен бағалаудың алғашқы кезеңдерінде Берқара кен орнының ашылуына әкелген геологиялық барлау жұмыстарының едәуір көлемі жүргізілген. 2017-2019 жылдар аралығында кен орнында өндіру кезеңіне дайындық мақсатында геологиялық барлау жұмыстарының кешені жүргізілді. Жұмыстар: бұрғылау, тау-кен, геофизикалық, топографиялық, гидрогеологиялық, сынамалау, камералдық жұмыстар және зертханалық зерттеулерді қамтыған. Шығыс Қазақстан облысындағы Берқара мыс кен орнының минералдық қорларын бағалау жөніндегі есеп KAZRC стандарттары (Геологиялық Барлау Жұмыстарының Нәтижелері, Қатты Пайдалы Қазбалардың Ресурстары Және Кен Қорлары Туралы Есептіліктің Қазақстандық Кодексі – The KAZRC Code («KAZRC»)) бойынша орындалды. Берқара кен орнының кен және мыс қорлары мемлекеттік теңгерімге алынған. Кен орнын игеру мерзімі 8-9 жылды құрайды.

  • БЕДЕР

    Жұмыс алаңы қуыс жонды бедермен сипатталады.

  • АУДАННЫҢ КЛИМАТЫ

    Өңір климаты шұғыл континентті, қуаң. Жазы қысқа, ыстық, қысы ұзақ және суық. Аудан жиі дүлей желдермен сипатталады, олар қыста борандармен қатар жүреді.

  • ГИДРОГРАФИЯЛЫҚ ЖЕЛІ

    Гидрографиялық желі нашар дамыған, жұмыс аймағында айтарлықтай су артериялары жоқ.

  • ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ

    Өсімдіктер сирек кездеседі, негізінен түрлі шөптермен сипатталады, олар аңғарлар мен таулардың беткейлерін жаппай емес, төмен өсетін жамылғымен қаптаған.

    Жануарлар әлемі өте жұтаң және жылдар өткен сайын азайып барады. Негізінен бұл құстар мен кеміргіштер.

Технологияның сипаттамасы:

Технологияның сипаттамасы: